Қазақстандағы кәсіпорындар мен аймақтарда экологиялық шығарындылар азайды. Биыл 10 айда оның көлемі 3,1 млн тонна болды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,2 %-ке төмен. Аталмыш көрсеткіш бойынша көш басында Норт Каспи Оперейтинг пен Qarmet компаниясы тұр. Сондай-ақ экологиялық заңнаманың сақталуын бақылау кезінде 71 млрд. теңгеге 1949 айыппұл салынды. Үлкен көлемдегі айыппұлды Атырау және Шығыс Қазақстан облыстары арқалады. Аталған мәселер мен оларды шешу жолдарын “AMANAT” партиясы жанындағы экологиялық кеңес талқылады.
ЕЛДОС АБАКАНОВ, “AMANAT” ПАРТИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ КЕҢЕС ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Экологиялық заңнамаға сәйкес ірі қалаларда ірі кәсіпорындар автоматтандырылған мониторинг жүйелерін енгізуі керек. Бұған дейін мониторинг тек қана дабороториялық сынаптардың негізінде жасалатын болса санитарлық аймақтарда, қазір енді автоматты түрде, онлайн режимде бүкіл шығындылардың деңгейі жіберіліп отырады. Әрине Өскемен қаласы болсын мысалы өндірістік қала ретінде, Теміртау, Қарағанды болсын, барлығында ауа мәселесі өте күрделі мәселе.