$523.86 €544.34 ₽5.11
×

Жүк тасымалымен айналысатын компаниялар саны азаюы мүмкін

20.12.2024ж. 20:00
70
Жүк тасымалымен айналысатын компаниялар саны азаюы мүмкін

Алдағы уақытта отандық жүк тасымалдайтын компаниялар саны азаюы мүмкін. Бұған- 15-ші қаңтардан бастап күшіне енетін жаңа ережелер себеп. Бұл туралы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өкілдері айтты. Жаңа талаптар бойынша көліктің шекарадан асып өту мерзімі мен халықаралық тасымалға рұқсат алу және кәсіппен айналысуға өтінім беру рәсімдері қатаяды. Бұл шетелдік компаниялармен бәсекелестіктің артуына алып келеді. Мамандар халықаралық жүк тасымалымен айналысатын 12 600 компанияға және олардың 80 мың техникадан тұратын автопаркіне қауіп төніп тұрғанын айтады.

ҚУАНЫШ ЕРМҰХАНОВ, "АТАМЕКЕН" ҚР ҰКП ЛОГИСТИКА ЖӘНЕ ТАСЫМАЛДАУ ДЕПАРТАМЕНТІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Егер тасымалдаушы берілген мерзімде шығып үлермесе, оған кейін мүлдем рұқсат құжатын алуға мүмкіндік болмайды. Бұл ретте өтініш берілген көліктің VIN кодына бекітіліп, келесіде басқа тасымалдаушыға ауысқан жағдайда сол көлік құралына да рұқсат құжатын ала алмайды. Сол себептен кредит, лизингке алып отырған орта және кіші бизнес субъектілер осы мәселеден үрейленіп отыр.