$523.86 €544.34 ₽5.11
×

Қызылжарда үш жасар баланың көзіне пышақ кіріп, миын зақымдаған

20.12.2024ж. 20:00
103
Қызылжарда үш жасар баланың көзіне пышақ кіріп, миын зақымдаған

Қызылжарда үш жасар баланың көзіне пышақ кіріп, миына дейін жеткен. Оқиға кеше тал түсте болған. Анасының айтуынша, бала ас бөлмедегі орындықтан құлаған кезде пышақ көзіне кіріп кеткен. Пышақты суырып алғаннан кейін, бала талып қалған көрінеді. Ізінше ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер мидың үшінші бөлігі зақымдалғанын анықтады. Дегенмен, көз аман. Қазір бүлдіршін аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Ақхалаттылар оның жағдайын ауыр деп бағалап отыр. Полиция оқиғаның мән-жайын тексеруді қолға алды. 

НҰРЛАН АЙМАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ:

Белгісіз зат, темір ме, білмеймін көзінің үстінен өтіп, мидың ортасына жеткендей деп ойлаймыз. Операцияға көрсеткіштер жоқ. Керекті емдеу оның ішінде трансфцзионный, инфузионный терапия, антибактериальный терапия, инотропная поддержка дейді соның барлық керекті ем шаралары қолдануда.