Таразда облыстық балалар ауруханасы өртенді. Тілсіз жау ем алып жатқан бүлдіршіндердің өміріне қауіп төндірген. Қызыл жалын ғимараттың астыңғы қабатындағы компьютерлік томография аппаратынан тұтанған көрінеді. Ол өздігінен бықсып, артынша жана бастаған. 42 адам қауіпсіз бөлімге көшірілген. Оның 30-ы бала. Төтеншеліктер отты 40 минутта толығымен сөндірді. Қазір өрттің себебі мен келген шығын анықталуда.
КАРИНА КАРТАШОВА, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ТЖД РЕСМИ ӨКІЛІ:
Өрт сағат 21:56 төтенше жағдайлар қызметкерлерімен толық сөндірілді. Оқиға орынан барлығы 46 адам жеке құрам және 14 бірлік техника жұмылдырылды. Зардап шеккендер жоқ.