$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Шымкентте Елбасы мақаласы талқыланды

AstanaTV
22.05.2017ж. 20:00
2942
Шымкентте Елбасы мақаласы талқыланды

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын талқылап, түсіндіру жұмыстары Шымкентте де қарқынды жүріп жатыр.

«Нұр Отан» партиясының өкілдері бағдарламалық мақаланың негізгі бағыттарын қала халқын ауыз сумен қамтып отырған «Су ресурстары маркетингі» мекемесі қызметкерлеріне баяндап берді. Жиында Қазақстанның дамыған отыз елдің қатарына қосылуы, бәсекелестік, ұлттық бірегейлікті сақтау турасында әңгіме көрігі қызды. "Су арнасы" ұжымы латын әліпбиіне көшудің де маңызы зор екенін айтты. Олар бәсекеге қабілетті ел болуда латын әліпбиінің берері мол деп санайды. Сондай-ақ, жиналғандар рухани жаңғыруда ұлттық код, ұлттық мәдениеттің сақталу маңыздылығына тоқталған сөз алушылар қазақтың ұмыт қалған салт-дәстүрлерін жаңғырту қажет деген пікір қосты.

Бақытжан Жасұзақұлы,  «Су ресурстары маркетингі» ЖШС қызметкері:

Шетелдің технологиясының бәрін пайдалануымыз керек. Бірақ дәстүріміз, иманымыз қазақтықтан ешқашан кетпеуі керек. Ол кодтан кетіп, әрнәрсемізді өзгерткеннен бізге көк тиын да пайда жоқ. Рухани азғындыққа ұшыраған мемлекет ешқашан алға жете алмайды, дұрыс істелініп жатыр бұл. Енді имандылығымызға көңіл бөлсек, қазақтан артық ел жоқ.

Төреайым Сұлтанова,  Шымкент қалалық мәслихатының депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:

«Ел болам десең, бесігіңді түзе»,- деп айтады қазақ халқы. Сондықтан да қазіргі таңда өзіміздің қамымызды өзіміз жасап, кәсіпкерлікпен айналысып, бір адам оншақты, жүзшақты адамға жұмыс беретін болса, біздің болашағымыз зор болады. Біз әрқайсымыз да еңбек ете білсек, осы еліміздегі бар байлығымызды қадірлей, құрметтей білсек, жастарымызға не қалатыны болашақта, олардың болашағы қалай болатынын әрқайсымыз ойлану керекпіз деп ойлаймын.