Астанада із-түзсіз жоғалып кеткен 24 жастағы жігіт өлі табылды. Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Ер адамның жоғалғаны туралы хабар қазан айының соңында белгілі болды. Ол 28 қазанда "Встреча" ауданына туыстарымен кездесуге барғаны, бірақ сол күйі жетпеген. Күні кеше еріктілер әлеуметтік желіде оның өлі табылғанын хабарлады.
Астана полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл ақпаратты растап, жоғалған азаматтың психоневрологиялық диспансерде есепте тұрғанын хабарлады.
"Астананың 24 жастағы тұрғынының мәйіті табылған соң қылмыстық іс қозғалды", - делінген департамент таратқан хабарламада.
Ер адамның денесінен дене жарақаты белгілері болмаған. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.