$503.15 €543.3 ₽5.93
×

Мемлекеттік органға жұмысқа кіруге көмектесемін деп елді алдаған күдікті Араб Әмірлігінен экстрадицияланды

AstanaTV
21.12.2024ж. 10:14
352
Мемлекеттік органға жұмысқа кіруге көмектесемін деп елді алдаған күдікті Араб Әмірлігінен экстрадицияланды

Полиция алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген ер адамның Біріккен Араб Әмірлігінен Қазақстанға жеткізілгенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

20 желтоқсанда ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросымен халықаралық іздеуге жарияланған 37 жастағы ер адам Біріккен Араб Әмірліктерінен Қазақстанға жеткізілді.

“2020-2021 жылдар аралығында ол мемлекеттік органдарға жұмысқа кіруге көмектесу сылтауымен ел азаматтарының қаражатын иемденген. Ақшаны алғаннан кейін күдікті республика аумағынан кетіп қалған. Ағымдағы жылдың қаңтар айында ІІМ Интерполының сұрауымен күдікті Дубайда ұсталды. БАӘ-нің құзыретті органдары оны біздің елге беру туралы шешім қабылдады”, – делінген хабарламада. 

Ұсталған адам қазіргі уақытта ІІМ ӘТД қызметкерлерімен қамауға алынды.