Магдебургтегі Рождестволық базарда көлік жәрмеңкеде жүрген адамдарды қақты. Жүргізуші ұсталды. Нақтыланған мәліметтерге сәйкес, екі адам қаза тауып, 70-ке жуығы жараланған. Бұл туралы Саксония-Анхальт жерінің Үкімет басшысы Райнер Хазелофф мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "DW"-ге сілтеме жасап.
Ол лаңкестік шабуылдан зардап шеккендердің саны артуы мүмкін екенін айтты: кейбір жарақат алған адамдар ауыр жағдайда.
Бұған дейін неміс бұқаралық ақпарат құралдары 11 адам қаза тапқанын және ондаған адам жарақат алғанын хабарлаған болатын.
Көлікпен адамдарды қаққан күдікті қамауға алынды. Ол Сауд Арабиясынан келген 50 жастағы ер адам, дейді Хазелофф. Ол Германияға 2006 жылы келіп, дәрігер болып жұмыс істеген.
Райнер Хазелофтың айтуынша, ол бұл әрекетке әдейі барды деген күдік бар. Қазіргі уақытта шабуылдаушының сыбайластары бар деп болжауға негіз жоқ, дейді ол.
Германия канцлері Олаф Шольц ертең аймаққа баруға ниетті.