Су тасуына Қостанай облысы Қарасу ауданындағы «Қарасу-Үлкен Чураковка» жолындағы біріккен көл суларының артуы себеп болды. Сөйтіп жолдың бір бөлігі жабылды.
Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті Қарасу ауданында көктемгі су тасқынынан кейін Алабота және Қойбағар көлдерінде су деңгейі нормадан асып, тас жолдарға тасып, «Қарасу-Үлкен Чураковка» учаскесінің (0-15 км) жабылғанын хабарлады. Жолдың бұл бөлігі жабық.
— Көлік қозғалысын қамтамасыз ету үшін Новоселовка ауылы мен Әулиекөл ауданы арқылы балама бағыттар қарастырылған, — деп түсіндірді баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, олар қазіргі уақытта жағдай тұрақталғанын, елді мекендерге төнген қауіп жоқ екенін хабарлады. Жағдай толық бақылауда.
Бұл туралы kaz.inform.kz жазады.