$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Айрықша шеруде жиналған қаржы жағдайы төмен отбасыларға берілді

AstanaTV
22.05.2017ж. 20:00
2551
Айрықша шеруде жиналған қаржы жағдайы төмен отбасыларға берілді

Өткен демалыс күндері Ақтау қаласы қалыңдықтар мен күйеу жігіттер шаһарына айналды. Ақ көйлек киген 37 ару «Отбасы үшін» деген ұранды негізге алып, орталық жағажайды айналып өтті. Шеруге отбасылық жұптар ғана қатыспады.

Ең кіші қатысушының жасы төртте болса, ең үлкені - 65 жаста. Соңғысы бүгінгі шеруге қызы мен немересін ала келген. Осымен екінші мәрте ұйымдастырылып отырған шараға былтыр тек қалындықтар ғана атсалысқан еді. Ал, биыл 5 жігіт қатысып, өзге азаматтарға үлгі болды. Бірегей шеру - отбасылық құндылықтарды дәріптейді.