$523.86 €544.34 ₽5.11
×

Павлодар облысында ұшақ тиеген МАЗ шекарадан өтпек болды

AstanaTV
21.12.2024ж. 17:27
128
Павлодар облысында ұшақ тиеген МАЗ шекарадан өтпек болды

Қазақстанның Павлодар облысы мен Ресейдің Омбы облыстары арасындағы шекарада ұшақ тиеп алған МАЗ жүк көлігі ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің (МКД) қызметкерлері ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметімен бірлесіп қос мақсаттағы тауарды АН – 2Т әуе кемесін тасымалдау фактісін анықтады.

"Амангелді" автомобиль өткізу пунктінде (Ресей Федерациясының Омбы облысымен шекарасы) "МАЗ 54323" маркалы көлік құралын тексеру барысында бағалау құны – 1 800 000 ресей рубль, салмағы 3 тонна 600 кг болатын АН-2Т ұшағын тасымалдау фактісі анықталды. Ұшақты М азаматы аукционда жеке мақсаттар үшін сатып алды. Шекарадан өту кезінде М азаматында өзіндік ерекшелігі бар тауарларды сәйкестендіру туралы қорытынды болған жоқ (өзіндік ерекшелігі бар тауар азаматтық мақсаттарда да, әскери мақсаттарда да қолдануға жатқызылуы мүмкін)", – дейді экспорттық бақылау бөлімінің басшысы Мақсұт Қантарбаев.

Ұшақты қажетті рұқсат құжаттарсыз тасымалдаған азаматқа қатысты әкімшілік құқық бұзушылықты жасау материалдары сотқа жіберілді.

"Павлодар облысы Ертіс аудандық сотының қаулысымен М азаматы кінәлі деп танылып, 55 мың теңгеден астам әкімшілік айыппұл салынды", - делінген хабарламада.