$523.86 €544.34 ₽5.11
×

Қытай байланыс технологиясын сынап көру үшін жаңа жерсерігін ұшырды

AstanaTV
21.12.2024ж. 20:00
145
Қытай байланыс технологиясын сынап көру үшін жаңа жерсерігін ұшырды

 Қытайдың оңтүстік-батысындағы Сичан ғарыш айлағынан жаңа байланыс спутнигі сәтті ұшырылды, деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі.

Бұл туралы Қытайдың аэроғарыш ғылымы және технология корпорациясы (CASC) хабарлады.

CASC сайты ұшыру 20 желтоқсанда Бейжің уақытымен 23:12–де Long March-3B зымыран тасымалдағышының («Чанчжэн») көмегімен жүзеге асырылғанын хабарлады. Спутник көрсетілген орбитаға сәтті шықты.

Бұл спутник спутниктік байланыс, радио және телевидение, деректерді беру және басқа да қызметтер үшін пайдаланылатын болады. Ол сондай-ақ тиісті технологияларды сынау үшін қолданылады.

Бұл «Чанчжэн» сериялы зымыран тасымалдағыштарының 554-ші ұшырылымы.

2024 жылы Қытай шамамен 100 ғарыштық ұшыруды жүзеге асыруды жоспарлап отыр.

Айта кетейік, Қытай 2024-2050 жылдар аралығында Қытайда ғарыштық ұшуларды және ғарыштық зерттеулерді жоспарлауды анықтайтын ғарыш ғылымын дамытудың ұлттық орта және ұзақ мерзімді бағдарламасын ұсынған болатын.