$523.86 €544.34 ₽5.11
×

Таразда шырша шамы жағылды

AstanaTV
22.12.2024ж. 09:21
49
Таразда шырша шамы жағылды

«Көне Тараз» этно-мәдени кешенінде Жаңа жылдық шыршаның шамын салтанатты түрде жағу рәсімі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жалпы биыл көне шаһарда Жаңа жыл мерекесіне орай екі шыршаның шамы жарқырайды. Бірі Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті саябағына қойылса, екіншісі «Көне Тараз» этно-мәдени кешеніне қойылды.

Сонымен қатар, қаланың 8 нүктесінде (облыстық әкімдік алды, орталық алаң, «Көне Тараз» этно-мәдени кешені, ҚР Тұңғыш Президенті саябағы, «Жеңіс» саябағы, «Ұлы Дала» (15) шағын ауданы, темір жол вокзалы, «Мыңбұлақ» (9) шағын ауданы) жаңажылдық фотозоналар («2025» жазуымен) орнатылады.

Қала тұрғындары мен қонақтарына мерекелік көңіл күй сыйлау мақсатында шаһар көшелері бойындағы талдарды, аркаларды жарықдиодты жолақтармен жаңажылдық безендіру жұмыстары жүреді. Бұл бұрын пайдаланылған материалдарды ретке келтіру және қажет бөліктерінде ішінара жаңғырту арқылы іске асырылады.