Түркияда медициналық тікұшақ аурухананың ғимаратына соқтығысып құлады. Салдарынан төрт адам қаза тапты. Бұл туралы TRT Haber телеарнасы хабарлайды.
Қайғылы оқиға елдің оңтүстігіндегі Мугла провинциясында болды.
Деректерге сүйенсек, тікұшақ аурухананың жоғарғы қабатына соқтығысып, кейін аулаға құлаған. Соққы салдарынан тікұшақ бөлшектеліп қалды.
Салдарынан ішінде болған ұшқыш пен үш фельдшер қаза тапты.
"Оқиға таңертең биіктікке көтерілу кезінде болды. Тікұшақ аурухананың төртінші қабатына соқтығысты. Барлығы көз жұмды", - деді губернатор.
Билік апаттың себебі тұман екенін айтты. Тікұшақ Анталияға бет алған.