$523.86 €544.34 ₽5.11
×

Семейдегі алаңға шырша орнату кезінде мұғалім құлады: министр пікір білдірді

AstanaTV
22.12.2024ж. 18:23
130
Семейдегі алаңға шырша орнату кезінде мұғалім құлады: министр пікір білдірді

Семей қаласында орталық алаңға шырша орнату кезінде мұғалім 4-5 метр биіктен құлаған. Бұл жайтқа байланысты оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ведомство басшысы бұл жайт заң бұзушылықтың айқын көрінісі деп отыр.

Педагогтерді кәсіби міндеттеріне жатпайтын мұндай жұмыстарға тарту – «Педагог мәртебесі туралы» заңды өрескел бұзу деп санаймын. Бұл оқиғаға байланысты облыс басшылығы әділ әрі жан-жақты тексеру жүргізіп, алдағы уақытта мұндай келеңсіздіктердің қайталануына жол бермеу үшін тиісті шаралар қабылдайды деп үміттенемін. Мемлекет басшысы педагогтердің қоғамдағы рөліне ерекше мән беріп, олардың құқықтарының «Педагог мәртебесі туралы» заң аясында қатаң сақталуын әрдайым назарда ұстап келеді. Осы орайда білім басқармалары мен бөлім басшыларына заң талаптарын қатаң орындауға ерекше назар аударуды ескертемін. Қуат Айтқалиевтің отбасына шынайы қолдау білдіре отырып, оның тезірек сауығуын тілеймін. Қазіргі уақытта оған барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Бұл жағдай ерекше бақылауға алынды, - деді министр.