$503.15 €543.3 ₽5.93
×

Оралда жолаушылар автобусы өртеніп кетті

AstanaTV
22.12.2024ж. 21:04
379
Оралда жолаушылар автобусы өртеніп кетті

Оралда өрт сөндірушілер отқа оранған жолаушылар автобусын сөндірді. От көліктің мотор бөлігінен шыққан, – деп хабарлайды Aykin.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 22 желтоқсанда Сырым Датов көшесі бойында жолаушылар автобусының мотор бөлігінде өрт шықты.

ТЖМ күштерімен өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, өрттің шығу себебі анықталуда.