"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының Алматы бойынша филиалы 2024 жылы қалада 19 778 отбасы тіркелгенін мәлімдеді. Осы деректерге сәйкес, Алматы Қазақстан бойынша жас жұбайлар арасында бірінші орында тұр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Айта кету керек, аудандық АХАТ бөлімдерінде күн сайын 160-қа жуық неке тіркеледі.
Некеге тұруға өтініш берген ерлі-зайыптылардың орташа жасы ерлер үшін 27 жас, әйелдер үшін 25 жас.
ҚР "Неке және отбасы туралы" Кодексінің 10-бабына сәйкес, неке жасы ерлер мен әйелдер үшін он сегіз жаста белгіленеді.
"Дәлелді себептер болған кезде неке қиюды мемлекеттік тіркеу орны бойынша азаматтық хал актілерін жазу органдары неке жасын екі жылдан аспайтын мерзімге төмендетуі мүмкін".
Әуезов ауданының АХАТ бөлімінің басшысы Гүлзия Баимбетова.
Өкінішке орай, қаладағы ажырасулардың саны да жоғары деңгейде қалып отыр.
Жыл басынан бері 4429 жұптың шаңырағы бұзылды.
Әдетте, ерлі-зайыптыларға некені ресми түрде тоқтатпас бұрын бір ай ойлануға рұқсат етіледі.
"Көбінесе ажырасу туралы өтінішті жастар береді. Біз некені сақтауға тырысамыз, ойлануға және ақылдасуға уақыт береміз. Берілген 10 өтініштің үш-төртеуі некені бұзудан бас тартып, отбасылық өмірін жалғастырады. Біз мұны жұмысымыздың нәтижесі деп санаймыз", – дейді АХАТ қызметкері.
Сарапшылар некеге тұру үшін қажетті неке күніне 15 күн қалғанда өтініш беру керек екенін еске салды.