$503.15 €543.3 ₽5.93
×

Алматыда мұғалімдерге арналған тегін шеберлік сабағы өтті

23.12.2024ж. 20:00
544
Алматыда мұғалімдерге арналған тегін шеберлік сабағы өтті

Алматыда мұғалімдерге арналған тегін шеберлік сабағы өтті. Іс-шараға Білім басқармасының өкілдері мен ғылым және білім саласында қызмет ететін мамандар қатысты. Жобаның негізгі мақсаты – білім беру саласындағы елеулі жаңалықтарды алға тарта отырып, ұстаздарға жаңа практикаларды үйретіп, тәжірибе алмасу. Шеберлік сағатында оқытушылар білім беру жүйесіндегі заманауи әдіс-тәсілдерді меңгеріп, жаңашыл технологиялармен танысуға мүмкіндік алды. «Ustaz hub» жобасының негізі 2023 жылы желтоқсанда қаланған болатын. Әр спикер 15-20 минут бойы мұғалімдерге дәріс оқиды. Ал, шараға белсенді атсалысқан қатысушыларға серіктестер атынан кітаптар тарту етіледі. Білім берудегі трансформация тақырыбы кеңінен қозғалып, мұғалімдерге деген сұраныс көрсеткіші қандай деңгейде екені талқыланды. 

ЖІГЕР ТЕЛЮҚАНОВ, «QUNDYLYQ.KZ» ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ:

Білім саласын өзгертем деген Қазақстандағы, дамимын деген адамдардың ойларына ой құятын адамдарды дамытатын бір орта, комьюнити жасағымыз кеп жатыр. «ustazhub» осымен Алматыға міне бұйырса бірінші рет кеп жатырмыз. Мақсатымыз әр жылы әр қалада осындай үлкен іс-шаралар үздік мұғалімдермен ұйымдастырылса екен деген.