Қарағанды облысында биыл 20 дан астам бала мен әйел есірткімен ұсталған. Ал бұл қылмыспен істі болғандардың жалпы саны 130 дан асады. Тағы бір ірі көлемде марихуана тасымалдаушылар құрықталды. 38 жастағы Жамбыл облысының тұрғыны мен оның серіктесі "Қарағанды-Астана" тас жолында ұсталды. Полиция қызметкерлері тұрғынның басқаруындағы Audi A6 автокөлігін тоқтатып, тексеру барысында 13 қап өсімдік тектес зат тәркіледі. Сараптама қорытындысына сәйкес оның 266 келіден астам кептірілген марихуана екені анықталды.
БАҚЫТЖАН ҚҰДИЯРОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
“Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Прокуратураның келісімімен ұсталғандарға қамауға алу бұлтартпау шарасы қабылданды. Қарағанды облысының полицейлері есірткі қылмыстарының алдын алу бағытындағы жұмыстарды күшейтіп, облыс тұрғындарының қауіпсіздігін қадағалау бойынша жұмыстарды жалғастыра бермек”.