Биыл жергілікті мәслихаттардың құрылғанына 30 жыл. Осыған орай Астана қалалық мәслихат депутаттары арнайы төсбелгімен марапатталды. Толығырақ тілші бейнематериалында.
Бұл- ұзақ жылғы еңбектің жемісі. Мәслихат депутаттары бір тиын жалақы алмаса да, ел игілігі үшін аянбай қызмет етіп келеді. Солардың сапында Әміржан Әлпейісов те бар. Ол Астананың негізі қаланған сәттен бастап ақ елорданың дамуына үздіксіз үлес қосты.
ӘМІРЖАН ӘЛПЕЙІСОВ, ҚАЛАЛЫҚ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Қазақстан Мәслихаттарының мемлекеттік құрылымдағы орны ерекше. Осындай бүгінгідей әлемге белгілі үлкен қала болуына өзімнің үлесімді қосқаным үшін өзімді мақтан тұтам.
Салтанатты шарада "Қазақстан Республикасы мәслихаттарының құрылғанына 30 жыл" төсбелгісімен 50-ден астам азамат марапатталды. Олардың қатарында мәслихат ардагерлері, басқарма басшылары, аудандық әкімдік аппараттарының қызметкерлері және коммуналдық кәсіпорындардың өкілдері бар.
ЕРЛАН КАНАЛИМОВ, ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ТӨРАҒАСЫ:
Қазақ айтады ғой әрқашан халықтың көңілінен шығып батасын алайық. Қайда болсақта. Баршаңызға рақмет! Мына мерекелеріңіз құтты болсын келе жатқан. Мына бүгінгі марапаттарыңыз құтты болсын. Әлі де ертең талай іс-шараларда кездескен кезде сіздердің сол кезде жеңіске жетіп жатқан, марапат иесі боп жатқанына біз куә болып жүре берейік.
30 жыл ішінде 8 рет сайлау өтіп, мәслихат депутаттары халықтың қалауымен сайланды.