$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Мемлекет басшысы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады

23.12.2024ж. 20:00
288
Мемлекет басшысы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады

Мемлекет басшысы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады. Президентке ведомство жұмысының қорытындылары мен еліміздегі отын-энергетика кешенін дамыту жоспары, мұнай-газ және энергетика саласындағы ірі жобалардың жүзеге асырылуы жөнінде ақпарат берілді. Сондай-ақ жылыту маусымының барысы және жылу-электрмен қамту бойынша ірі нысандардың жұмысы туралы баяндалды. Мемлекет басшысы министрге жылу маусымын ерекше бақылауда ұстауды және энергетика инфрақұрылымын жаңғыртуға қатысты жобаларды іске асыруды тапсырды.