Концертке барамын деп, алаяқтың құрбаны болған. Астаналық 18-дегі жігіт әлеуметтік желіде жалған парақша ашып, Орда тобы мен танымал ресейлік әншінің концертіне билет сатқан. Алаяқтың арбауына түскен көрермендер концертке келіп, тексерісте QR-кодтары мүлдем сәйкес келмегенде, полицияға арызданыпты. Нәтижесінде, ақша аударымдары арқылы тәртіп сақшылары күдіктіні көп ұзамай тапты. Тергеу барысында ол өз кінәсін толық мойындап, осыған дейін 11 рет осындай қылмысқа барғаны да белгілі болды.