Бүгін -Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлының туғанына 114 жыл. Осыған орай бүгін астаналықтар ұлы тұлғаның ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, тағзым етті. Айтулы шараның өтуіне Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйытқы болды.
Ерлік елеусіз қалмайды. Сұрапыл соғыстағы ерлер ерлігіне тағзым ету бүгінгі ұрпақтың міндеті. Жиналғандар екінші дүниежүзілік соғыс жауынгері, Кеңес одағының батыры Бауыржан Момышұлы мен Иван Панфиловтің монументіне гүл шоқтарын қойды.
ӘМІРЖАН ӘЛПЕЙІСОВ, ҚАЛАЛЫҚ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Генерал Панфиловтің Қазақ халқы үшін, Қазақстандықтар үшін алатын орны ерекше. Себебі 316-атқыштар дивизиясы Алматы қаласында құрып ол қазақтармен қырғыздардан құрылған. Ол көреген қолбасшы болды. Бауыржан Момышұлы сияқты қазақтың бір жас талантты әскер офицерлерін тәрбиелеп, солардан үлкен қолбасшы жасады.
Басты мақсат - ата-бабаларымыздың ерлігін ұлықтап, насихаттау арқылы өскелең ұрпақтың бойында қазақстандық патриотизм мен ұлттық сана-сезімді қалыптастыру.
ҚУАНЫШБЕК ҮШТАЕВ ҚР ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІ ҚҰРЛЫҚ ӘСКЕРЛЕРІ БАС ҚОЛБАСШЫСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ
Батыр атамыздың есімі біздер үшін, болашақ жастар үшін шынай потратизмнің символы болып қала береді. Ол кісінің өмір жолымен, ерліктері әрқашанда үлгі өнеге бола береді. Қарулы күштердің қатарында қызмет жасап жатқан сарбаздармен жас ұрпаққа Бауыржан атамыздың ерлігі қуат беріп потратизмге тәрбиелеп жарқын болашаққа жетелейтіні сөзсіз.
Батырларымыздың ерен еңбегі мен тастүйін бірлігінің арқасында біз Жеңіске жеттік. Сондықтан бұл жеңіс-біз үшін қымбат.