$515.03 €584.82 ₽6.24
×

Қарулы күштер жоспарланған жауынгерлік даярлықты 99,9% орындады

24.12.2024ж. 20:00
484
Қарулы күштер жоспарланған жауынгерлік даярлықты 99,9%  орындады

Биыл еліміздің қарулы күштері жоспарланған жауынгерлік даярлық іс-шараларының 99,9 процентін орындады. Барлығы 75 мыңнан астам оқу-жаттығу жұмыстары өткен. Оның 3 мыңнан астамы жауынгерлік атыс, мың тактикалық, 35 мың практикалық атыс және 15 мың парашютпен секіру жаттығулары болды. Сондай-ақ, әуе қорғанысы күштерінде ұшқыштар құрамын жасақтау да жоғары қарқында жүргізілді. Биыл 300-ден аса экипаж командирлері ұрыс қимылдарын жүргізген. 30-ға жуық ұшқыш өз бетінше ұшу үшін даярлықтан өткен. Одан бөлек, ұшақтардың жаңа түрлері сәтті игерілді. 

АБЗАЛ ТОҚБАНОВ, ҚР ҚК ЖАУЫНГЕРЛІК ДАЯРЛЫҚ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМА БАСТЫҒЫ:

Түріктің «ANKA» барлау-соққы беретін ҰҰА-ны пайдаланудың басталуы және ұшқыштарды жаңа L-410 UVP E-20 ұшағын пайдалануға оқыту ерекше маңызға ие болды. Қазақстанның Әскери-теңіз күштері де 2024 жылы жоғары нәтижелер көрсетті. Теңізге 150-ден астам шығу жүргізілді. Сондай-ақ кемедегі жауынгерлік жаттығулардың қарқындылығы 61%-ға артты.