Павлодарда өкпенің қабынуы мен тұмау өршіп тұр. Соңғы күндері жедел жәрдем стансасына бір тәулікте 2 мың шақыру түскен. Оның басым көпшілігі жедел респираторлық вирустық инфекция. Мамандар шақырудың 2 есе ұлғайғанын айтады. Сол себепті жедел жәрдем қызметі күшейтілген режимге көшті. Бұрындары тәулігіне 500-600 шақыру түсетін. Қазір көрсеткіш бірден 1500-ге жеткен. Сондықтан да жедел жәрдем бригадаларына қосымша күштер тартылды. Бұдан бөлек емханалардың да жұмыс уақыты ұзартылды. Олар кешкі 20:00-ге дейін науқастарды қабылдайды. Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, эпидемологиялық маусым басталғалы 100 мыңнан астам жедел респираторлық вирустық инфекция және 30 мыңға жуық тұмау жағдайлары тіркелген.
АЛМАГҮЛ БЕЙСЕНБИНОВА, ОБЛЫСТЫҚ ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ СТАНСАСЫНЫҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ:
Қазіргі уақытта екі есе шақырулар түседі. Бізде бригада үлгермейді. Поликлиникалар бізге көмектеседі. Учасковый дәрігер кеңес беріп, рецепт беріп, науқастың ем алуына жеңіл болады.