$503.15 €543.3 ₽5.93
×

Қарағандыда автобус өртеніп кетті

24.12.2024ж. 20:00
243
Қарағандыда автобус өртеніп кетті

Қарағандыда автопаркте тұрған автобус түгелдей жанып кетті. Ешкім зардап шеккен жоқ. Өрт сөндірушілер 15 шаршы метр жеке меншік аумақты дер кезінде оқшаулап үлгерген. Соның арқасында басқа автобустарға өрт өршіген жоқ. Алдын ала болжам бойынша, тілсіз жаудың тұтануына электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болуы мүмкін. Өрт ошағын айқындау мақсатында сараптама жасалып жатыр.