$514.94 €583.74 ₽6.13
×

Елімізде жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 21 387 бала бар

24.12.2024ж. 20:00
299
Елімізде жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 21 387 бала бар

Елімізде жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 21 387 бала бар. Олардың қатарында диагнозы бар науқас балалар немесе ағайындылар жиі кездеседі. Азаматтардың көбі 3 жасқа дейінгі дені сау сәбилерді бауырына басқысы келеді, - дейді мамандар. Ал ағайындыларды заң бойынша ажыратуға болмайды. Бәрін бірге қабылдауы тиіс. Бала асырап алам деушілерге тағы қандай талаптар қойылады? Мөлдір Жақан жалғастырады. 

Гүлнәр Мықбасова үш жыл бұрын 5 жасар Константинді асырап алған. Балалардың деректер қорына кіргенде, ұлымның суретіне жүрегім жіпсіз байланды, - дейді ол. Қазақша «Қайсар» деп есім берген.

ГҮЛНӘР МЫҚБАСОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Балалар үйіне барған кезде адам ана баланы көреді де, сіз бірден түсінесіз де таңдау жасайсыз. Көзінен-ақ мұң тұр да балалардың. Еріп кетесің ана жерде. Сондықтан жасы, ұлты, діні деген маңызды емес деп ойлаймын. Ең бастысы жақсы азамат қылып өсіру. Балалар үйінде бір бала кем болсын, толық отбасында өссін, махаббатта, қамқорлықта өссін деген ниет болу керек тек қана.

Елімізде жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 21 387 бала бар. Қазір олардың 17 660-ы (82%) қазақстандық отбасылардың қамқорлығында. Биыл 3 мыңнан астам бала отбасы тәрбиесіне берілді. Бала асырап алуға ниет еткендер алдымен 3,5 айлық курстан өтеді. Сертификат алған соң, денсаулығы жақсы, үй-жайы, айлық-табысы бар екенін растайды. Өкінішке қарай, мекемелердегі ата-анаға мұқтаж балалардың көбінің диагнозы бар.

ФАРИДА РАХМЕТОВА, ҰЛТТЫҚ БАЛА АСЫРАП АЛУ АГЕНТТІГІНІҢ БАСШЫСЫ:

Статистиканы көре отырып, тағы бір жобаны іске қостық. Диагнозы бар балаларды отбасына қабылдаған отбасыларға көмек беру. Баланың реабилитация, коррекциялық жұмыстарының бәрін қаржыландыру. Екіншіден, егер ота жасалу керек болса балаға, отаны қаржыландыру. Және 10 АЕК ретінде көмек түрі бар. Яғни, айма-ай. Ол баланың қажеттілігіне жұмсалады.

Сондай-ақ Қазақстанда жетім балаларды қабылдайтын кәсіби отбасы институты енгізілмек. Заң жобасы биыл Мәжілісте қаралып, бірінші оқылымда мақұлданды. Арнайы оқудан өткен жанұялар қиын жағдайға тап болған жеткіншектерді кез келген уақытта қабылдап алып, қамқорлық көрсетуге міндетті. 6 ай ішінде баланың ата-анасы, жақындары табылмаса, балалар үйіне орналастырылады. Қазір Ақмола облысында осындай 4 отбасы жұмыс істеп жатыр.