«Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасын жүзеге асыру аясында Алматы облысының Ұйғыр ауданында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға қатысушылар экологиялық мәселелерді шешуге және табиғатты қорғау жұмыстарына аса назар аударды. Алқалы жиында өзекті экологиялық мәселелер, эко білім беруді дамыту, көгалдандыру секілді нақты қадамдар ұсынылды. Басты мақсат- өскелең ұрпаққа табиғатты таза, көрікті түрде аманаттау.
ЕРБОЛ НҰРСЕЙІТОВ, ҰЙҒЫР АУДАНЫ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:
Бұл акцияға ауданымызда тұрып жатқан 14 елдімекендегі адамдар, сондай ақ аудан орталығындағы Шонжы ауылында тұрып жатқан кәсіпорын мекеме басшылары, сонда істеп жатқан қызметкерлер, сондай ақ белсенді жұртшылық қатысуда. Бұйырса, алдағы уақытта да осы акцияны қолдайды деген үміттеміз.