$515.89 €536.32 ₽5.17
×

Қарағандыда 94 медицина қызметкерінің отбасы қызметтік пәтер алды

24.12.2024ж. 20:00
126
Қарағандыда 94 медицина қызметкерінің отбасы қызметтік пәтер алды

Қарағандыда 94 медицина қызметкерінің отбасы қызметтік пәтер алды. Дәрігерлер үйі ақ халаттылардың жұмыс орнына да жақын. Қала орталығындағы облыстық балалар ауруханасы жергілікті бюджеттен бөлінген қаржыға толығымен жөнделген. Бір және екі бөлмелі пәтерлер тұруға дайын. Жобаның жүзеге асырылу барысын «AMANAT»партиясының депутаттары бақылады. 

РАВИЛЬ САДЫКОВ, ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ, "АМАNAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Барлығы жөнделді. Партияның бақылау комитеті мердігерлерге ескерту жасап барлығын қадағалады. Мұндай бағдарламалар бізге өте қажет. Олар адамдардың өмір сүру жағдайын жақсартады.

Назерке ҚАЛДЫБЕК, АКУШЕР- ГИНЕКОЛОГ:

“Осы пәтерді маған бергеніне көп- көп Рақмет! Үнемі жолдармен қиыншылықтар болатын, әсіресе қыстың күні. Жұмысыма жетуім өте жеңіл. 15 минутта жұмысыма жетемін ”.