$515.89 €536.32 ₽5.17
×

Мемлекеттік гранттар кәсіпкерлердің жұмысының жандануы сеп болуда

Мемлекеттік гранттар кәсіпкерлердің жұмысының жандануы сеп болуда

Мемлекеттік гранттар кәсіпкерлердің жұмысының жандануы сеп болуда. 5 млн теңге көлемінде әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері үшін берілетін қаржы мүмкіндігі шектеулі жандарға да үміт сыйлады. 

«Ақжүрек» тігін цехы мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмыспен қамтып отыр. Сөйлеу қабілетінен айырылған жандар 2008 жылдан бері тігін тігіп, бала-шағаларын асырауда. Биыл әлеуметтік кәсіпкерлік санаты бойынша мемлекеттен қайтарымсыз 5 млн теңге қаржыға қол жеткізген. Соның нәтижесінде жаңа қондырғылар алып, өндіріс орнын кеңейткен.

ОРЫНКҮЛ ОРАЗБАЕВА, «АҚЖҮРЕК» ТІГІН ЦЕХЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Қайтарымсыз грантқа арнайы киім тігетін, жазу жазып, ою салатын, қазақи киімдер тігетін құрал-жабдықты пайдаланып, жұмысымызды бастап жатырмыз. Мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдауларға рақмет айтамын көп. Цехтағы жұмысшылардың көбі мүгедек жандар болғаннан кейін, қолдауға көмек көрсеткенге біз разымыз. Тамыз-қыркүйек айларында облыс бойынша аудандардың барлығына шығып мектеп формасын сатамыз.

Аймақта 66 мыңға жуық шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі жұмыс жасайды. Соның 40-қы әлеуметтік кәсіпкерлік мәртебесін алған. Оларға мемлекеттен қайтарымсыз гранттар берілуде. Оның ішінде дамуында іркілісі бар балалармен жұмыс істейтін орталықтар да бар.

ГҮЛМАРЖАН ОСПАНОВА, «НӘТИЖЕ» НЕЙРОПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Мемлекет тарапынан берілетін гранттың конкурстық іріктеуіне қатысып, ұтқан грант қаржысымен Орталықта қосымша екі кабинетті аштық және консультация жүргізетін кабинетқостық. Нәтижесінде Орталыққа келуші балалар саны 2 есеге ұлғайып, 42-43 балаға көбейді. Алматы, Астана қалаларынан білікті мамандар шақыртылып, балалардың ішкі, сыртқы проблемаларымен жұмыс жасалуда.

Биыл жеке кәсіпкерліктің 4 мыңнан аса жобасы 70 млрд теңгеге қаржыландырылған.

АЗАМАТ КАЮПОВ, ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІП БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Биыл мемлекеттік гранттар беру конкурсты іріктеуіне қатысқан әлеуметтік кәсіпкерлермен «Бір ауыр – бір өнім» бағдарламасының жеңімпаздарының 14 жобасына 69 млн 130 мың теңге көлемінде табысталды. 2024 жылдың 6 айда шағын және орта кәсіпкерлік өнім шығарылымы 33,6 процентке ұлғайып оның экономикадағы үлесі 20,4 пайызға жетті.

Мемелкет тарапынан берілетін мұндай гранттар шағын кәсіпкерлікті дамытып қана қоймай, жаңа жұмыс орындарының ашылуына сеп болады.