$514.93 €536.04 ₽5.18
×

Гүлмира Дайрабаева ұлының қалыңдығына сырға салды

AstanaTV
25.12.2024ж. 10:31
150
Гүлмира Дайрабаева ұлының қалыңдығына сырға салды

Белгілі тележүргізуші Гүлмира Дайрабаева жақында некесін қиған ұлы мен келінімен кездесіп, «Сырға салу» рәсімін өткізді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ерекше отбасылық кештің видеосын Артур Асқарұлы Instagram-дағы парақшасында жариялаған. Онда Дайрабаеваның келініне сырғасын салып, артынан басына ақ орамал таққанын көруге болады. Олар «Сырға салу» рәсімін дәл осылай тек санаулы адамдардың қатысуымен өткізгісі келгенін мәлім етті.

«Шынымды айтсам, бұл кеш мүлдем жоспарсыз, аяқ асты болды. Анам Алматыға 1-2 сағатқа қана ұшып келген еді. Замираға дайындаған сырғасын да өзімен алып келіпті. Біз бұл күнді мүлдем ақылдасып, жоспарлаған емеспіз. Тек барынша осылай қарапайым, аз адамның қатысуымен өткізгіміз келді», - деді Артур.