Қазақстан Президентінің тапсырмасы бойынша Ақтаудағы ұшақ апатына қатысты Мемлекеттік комиссия құрылды, деп хабарлайды KAZINFORM.
Мемлекеттік комиссияны вице-премьер Қанат Бозымбаев басқарады. Біздегі ақпарат бойынша ол Ақтауға бара жатыр.
Президент дәрігерлерді Астанадан Ақтауға жіберуді және зардап шеккендерді барлық қажетті қолдаумен қамтамасыз етуді тапсырды.
Айта кетейік, Ақтауда Azerbaijan Airlines ұшағы апатқа ұшырады.
Оқиға орнына ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі жеке құрамының 52 адамы мен 11 бірлік техникасы барды.
Апатқа ұшыраған ұшақ бортында Қазақстанның 6 азаматы болды.