«AMANAT» партиясының мүшелері мен жастар қанатының белсенділері Ақтауда ұшақ апатынан зардап шеккендерге көмектесу үшін қан тапсыруға ұмтылды, деп хабарлайды Astana TV.
Қазір «AMANAT» партиясының мүшелері мен жастар қанатының белсенділері қан тапсыру орталығында кезек күтіп тұр.
«Ұшақ апатында туыстары мен жақындарынан айырылған адамдардың орны толмас ауыр қайғысына ортақтаса отырып, көңіл айтамыз. Бүгін партияластарымыз марқұмдардың рухына тағзым етіп қана қоймай, зардап шеккен жандарға қажет қан тапсыруда. Барша азаматтың тезірек сауығып кетуін тілейміз», – деді «AMANAT» партиясының Жастар Рухы ЖҚ төрағасы Ақерке Искандерова.