«Экология – табиғат жүрегі». Атырауда республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында экологиялық білім мен мәдениетті дамытуға арналған дөңгелек үстел өтті. Ғабдол Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасы ұйымдастарған шараға кітапханашылар, полицейлер мен экологтар қатысты. Мамандардың айтуынша, күнделікті өмірде экологиялық ізге көңіл бөлу маңызды.
МӘНСИЯ ЕСЕНАМАНОВА, Х.ДОСМҰХАМЕДОВ АТЫНДАҒЫ АТЫРАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЭКОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ МЕҢГЕРУШІСІ:
Экологиялық із дегеміз біз осы жер бетінде қандай үлесімізді қосамыз. Күнделікті өмір сүрген кезде өмірімізде аталған шаралар. Атырау облысы басқа облыстарға қарағанда экологиямызда ерекшеліктер бар. Мұнай-газ өңдеу аймағы болғаннан кейін. Енді осы жерде әрбір адам ауадағы ластаушы заттарды қалай бағалау керектігін сол ластаушы заттардың қандай көлемде шығып жатыр. Әсер ету-етпейтіндігін қазіргі уақытта эйр кз дегенді жүктеп қарауға мүмкіншілігіміз бар.