Астанада Президент атынан "Жаңа жыл республика төрінде" атты шырша кеші өтті. Оған еліміздің барлық өңірінен оқуда озат, спортта чемпион, шығармашылық пен қоғамдық өмірде жетістіктерге жеткен 100-ден астам бала қатысты. Іс-шара барысында концерттік бағдарлама болды, балаларға Мемлекет басшысы атынан сыйлықтар табысталды. Сондай-ақ, экскурсия ұйымдастырылды. Бұл оларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
ӘЛИ МАНАРБЕКҰЛЫ, ОҚУШЫ:
Менің көңіл-күйім өте жақсы. Шырша көңілді өтіп жатыр. Менің киімім өмір ағашы деп аталады. Бұл өмір ағашының тамырынан тараған менің ұрпақтарым. Осы шыршаға алғаш рет қатысуым.
ЕДІЛ ОСПАН, ҚР ОҚУ-АҒАРТУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:
Балаларымыз 24 нен бастап осында. 2 күндік бағдарлама әзірленген. Онда Астана қаласының көрікті орындарын, оның ішінде Ұлттық музейге барды балаларымыз. Сонымен қатар Назарбаев университетінде ғылымға, техникаға баулу үшін біз ғалымдармен кездесу ұйымдастырдық.