$521.81 €543.67 ₽5.05
×

AMANAT партиясы уәдесін орындап, ауылдықтар үйлі болды

25.12.2024ж. 20:00
95
AMANAT партиясы уәдесін орындап, ауылдықтар үйлі болды

AMANAT партиясы халыққа берген уәдесін орындап, үйсіз жүрген ауыл тұрғындары жаңа баспанаға қол жеткізді. Партияның 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» бағдарламасы Батыс Қазақстан облысының Тасқала ауданында осылай көрініс тапты. Жаңа үйге қоныстанғандардың бірі - көпбалалы ана Шынар Суқанова. Жұбайымен бірге бес бала өсіріп отырған келіншек жеке шаңырағы болар күнді ұзақ уақыт зарыға күтіпті. Бұл үшін арыз жазып, тұрғын үй кезегіне де тұрған. Осылайша партия бағдарламасының арқасында тұтас бір әулеттің арманы бір жылда орындалды; кісі есігінде кіріптар болып, пәтер жалдау азабынан құтылды.

ШЫНАР СУҚАНОВА,  КӨПБАЛАЛЫ АНА:
Осы күнді біздер көп күттік. Балаларым қашан көшеміз деп қуанды. Бес балам бар. AMANAT партиясы өз уәдесін орындап, осы үйді салып, бүгін бізге беріп жатыр. Көпбалалы ана болам, рақмет көп-көп!
Тасқала ауданындағы Шежін ауылының тұрғындарын толғандырған түйткілді мәселелер әлі де бар. Солардың бірі - елді мекеннің ішкі жолдары. Халық басы ауырып, балтыры сыздаса ауданға қатынайды. Ал жастар жағы спортпен айналысатын арнайы орын керек деп отыр. Көшпелі қабылдау жүргізіп, ауылдықтардың мұңына құлақ қойған партиялықтар мәселені шешуге күш салатынын жеткізді. 

Гауһар ШАЙХИНИЯЗОВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ БҚОФ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ БӨЛМЕСІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:
Жол мәселесі бойынша біз жергілікті атқарушы органмен бірге сөйлесе отырып, бұл мәселе 2025-жылы өзінің шешімін тауып, ауылда 12 көшеге 5,8 километр жол салынады деп жоспарланып отыр. Ал фельдшерлік амбулаториялық пункт салу - біздің AMANAT партиясының сайлауалды бағдарламасында бар.