$515.25 €535.91 ₽5.18
×

Мәжіліс 106 заң жобасын қарап, 37 норманы қабылдады

25.12.2024ж. 20:00
87
Мәжіліс 106 заң жобасын қарап, 37 норманы қабылдады

Мәжіліс жылды қорытындылады. Сессия басталғалы Палата106 заң жобасын қарады. 37 норманы қабылдады. 19-ына Президент қол қойды. Ойын бизнесі, есірткімен күрес, тұрмыстағы зорлық-зомбылыққа қатысты құжаттар бекітілді. Халыққа несие алудың зардабы қандай болары ашық көрсетілді. Жаңа Бюджет кодексі мемлекет қазынасына деген көзқарасты түбегейлі өзгертті. Мәжіліс Төрағасы қабылдаған ережеледің нәтижесін қазірдің өзінде көріп отырмыз, дейді. Әсіресе «Ұлттық қор – балаларға», «Келешек» бағдарламалары өскелең ұрпақтың сапалы білім алуына жол ашады. 

ЕРЛАН ҚОШАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

2024 жыл Парламент Мәжілісі үшін де нәтижелі болды. Жыл басынан бері біз Мемлекет басшысының Жолдауларында, Сайлауалды бағдарламасында, Ұлттық құрылтайда берілген тапсырмаларын орындау үшін бірқатар маңызды заң қабылдадық. Әлеуметтік әділдік орнатуға бағытталған конституциялық нормалар биыл толық іске асырыла бастады.Келер жылы да осы қарқынды сақтауымыз қажет. Ең бастысы, халқымыздың әл-ауқатын арттыру және Мемлекет басшысының тапсырмаларының орындалуы әрдайым басты назарда болуға тиіс.