$515.25 €535.91 ₽5.18
×

Денсаулық сақтау жүйесін жетілдіруге бағытталған заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды

25.12.2024ж. 20:00
94
Денсаулық сақтау жүйесін жетілдіруге бағытталған заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды

Денсаулық сақтау жүйесін жетілдіруге бағытталған заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. Заң саланы жетілдіруге бағытталған құқықтық нормаларды қамтиды. Құжат аясында "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексіне және "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Заңына өзгерістер енгізілмек. 

АҚМАРАЛ ӘЛНАЗАРОВА, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ:

Бұл заң жобасы артық әкімшілік реттеуді азайтуға мүмкіндік береді. Осылайша, мемлекеттік органның шешімдерін қабылдау процесін жеделдету, оның ішінде тиісті тәртіпті айқындайтын нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу кезінде өкілеттіліктерін кеңейту арқылы аса маңызды қоғамдық қатынастарды жедел жүзеге асыруға мүмкіндік пайда болады.

Кодекске 160-тан аса түзету енгізу жоспарланған. Оның 14-ін министрлік туралы ережеге ауыстыруға байланысты алып тастау ұсынылды. Заң жобасын іске асыру барысында денсаулық сақтау саласындағы артық әкімшілік реттеуді қысқарту және қайталанатын нормаларды жою ескерілген.

ГҮЛДАРА НҰРЫМОВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Қарастырылып отырған заң жобасы ҚР денсаулық сақтау саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған. Заң жобасы мемлекеттік аппарат қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі шаралар туралы ҚР Президентінің 2022 жылғы 13 сәуірдегі жарлығын іске асыру үшін дайындалды.