$514.93 €536.04 ₽5.18
×

Төтенше жағдайлар министрі Ақтауға барды

AstanaTV
25.12.2024ж. 21:03
141
Төтенше жағдайлар министрі Ақтауға барды

Ақтауға Қазақстан Республикасының ТЖ министрі генерал-майор Шыңғыс Әрінов барды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Azerbaijan Airlines авиакомпаниясының ресми деректері бойынша бортта 5 экипаж мүшесін қоса алғанда 67 адам болған. Жолаушылардың арасында: 6 Қазақстан азаматы, 42 Әзірбайжан азаматы, 3 Қырғызстан азаматы, 16 Ресей азаматы, 1 адамның азаматтығы анықталуда. Экипаж мүшелерінің барлығы Әзірбайжан азаматтары.

Оқиға салдарынан 29 адам, оның ішінде 3 бала ауруханаға жатқызылды. Оның ішінде 15 Әзірбайжан азаматы, 9 Ресей азаматы, 2 Қырғызстан азаматы, 3 адамның азаматтығы анықталуда.

Жедел желі телефондарына 571 өтініш түсті. Оқиға орнында 432 адам, 79 бірлік техника, 2 әуе кемесі және 10 кинологиялық есептоп жұмылдырылды.

Түпқараған ауданы әкімдігінің өкімімен жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай режимі жарияланды.