Бұл туралы Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай баспасөз мәслихаты кезінде мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Айтуынша, ұшақ апатынан қаза тапқандардың жақындарына тиісті көмек көрсетіледі.
Біз барлық қажетті көмекті көрсетеміз.Тізімдегі қаза тапқан жандардың туыстары... Олардың бұл жерде таныстары да, туысы да жоқ. Осы орайда, егер Ақтау қаласына келсеңіз, мына нөмірге хабарласаңыз: +7 702 5253101. Тәулігіне 24 сағат бойы осы нөмірге хабарлассаңыздар, көмектеседі. Кімнің туысы екеніңізді айтсаңыз болды, - деп атап өтті әкім.