$503.15 €543.3 ₽5.93
×

1500 адам түрмеден қашып кетті

26.12.2024ж. 20:00
421
1500 адам түрмеден қашып кетті

1500 адам түрмеден қашып кетті. Оқиға Мозамбик елінде болған. Тұтқындағылар Президент сайлауының нәтижесіне көңілі толмаған. Текетірес кезінде 40-қа жуық адам қайтыс болды. Толығырақ Аружан Задабек айтады. Эфирде «Жер-жаһан» айдары. 

Жаңа жылға небәрі 5 күн қалды. Қызу дайындық сіздің де үйде басталып кеткен болар. Әлем жұрты бұл мерекені ерекше күтеді. Германиялық отбасы үйіне 605 шырша орнатыпты. Бұл – рекорд. Қазір олардың баспанасында бос орын жоқ. Мозамбик жұрты мерекелік көңіл-күйді әлі сезіне алар емес. Мұнда жақында Президент сайлауы өткен. Бірақ біраз тұрғынның нәтижеге көңілі толмаған сыңайлы. 1500 тұтқын түрмеден қашып кеткен. Текетірес кезінде 33 адам қаза тауып, 15 адам жарақат алды. 

Ал, Нусейрат лагерінде 5 журналист қаза тапты. Марқұмдар жергілікті «Әл-Құдс» телеарнасының қызметкерлері болған. Бұл туралы анклавтың денсаулық сақтау саласының ресми өкілдері мәлімдеді. Израиль журналистер отырған көлікті зымыранмен атқан. Әзірге ресми Тель-Авив аталған шабуыл бойынша ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ.Қазір мұндағы жағдай өте ауыр. 

АМАЛ АБУ ХМЕЙД, ТҰРҒЫН:

Мен ештеңе қаламаймын. Маған киім де, дүние де керек емес. Бар арманым – үйіме оралу. Қауіпсіз өмірді аңсадым.

Анапада 1250 құс құтқарылды. Олар мазуттың төгілуінен зардап шеккен. Мыңға жуық құс аймақтағы оңалту орталықтары мен хайуанаттар бағына жөнелтілді. Қазір мазут төгілген аймақта 5 мың адам мен 300 техника жұмылдырылған. Өңірде құстарға көмек көрсететін арнайы пунктілер жұмыс істеп тұр. 

ЕВГЕНИЙ ВИТИШКО, ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БЕЛСЕНДІ:

Біз құстарды құтқаруға барымызды саламыз. Олар қатты зардап шекті. Қолдан келген көмекті аямаймыз. Қазір оларды қауіпсіз жерге апардық.