Қызылордада облыстық «Рухтастар» жастар сыйлығы табысталды. Екінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отырған шара жастарды жігерлендіріп, белсенділіктерін арттыру үшін маңызды дейді ұйымдастырушылар. Аймақта 1300-ге жуық ерікті жас бар. Олар кез-келген қиын жағдайға түскен, көмекке зәру жандардың қасынан табылып, елдегі маңызды оқиғалардан шет қалмайды. Тіпті үйсіз жандардың баспаналы алуына мұрындық болған азаматтар бар. Солардың барлығы шалғай ауылдардан да шақырту алып, марапат төрінен көрінді.
ӘСЕТХАН БАЙМҰРЗА, «ЖАСТАР РУХЫ» ЖҚ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Қызылорда облыстық «Жастар рухы» жастар қанатының бөлімшесі республикада кеше «Үздік бөлімше» номинациясын иеленіп келдік. Осы ретте облысымыздың да жастарын шет қалдырмайын деп жасаған еңбектерін, волонтерлік бағытта жасаған жұмыстарын саралап, барлық қолдау көрсеткен әріптестерімізбен еріктілерімізді марапаттаймыз.
ҚОРҒАН ӨТЕГЕНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Жастар ресурстық орталығы мен «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар рухы» ЖҚ-мен бірлесіп көптеген шаралар атқарып келдік жыл бойы. Алдағы уақытта да бірлестігіміз арта беріп алда талай шаралар өткіземіз деген ойдамыз.