$528.52 €539.14 ₽5.17
×

Ақтөбеде заңсыз синтетикалық есірткі дайындаған екі азамат 19 жылға сотталды

26.12.2024ж. 20:00
300
Ақтөбеде заңсыз синтетикалық есірткі дайындаған екі азамат 19 жылға сотталды

Ақтөбеде мектеп мұғалімі мен медициналық колледж студенті 19 жылға сотталды. Олар синтетикалық есірткі дайындады және бір кісіні өлтірді деп айыпталған. Атырау көп салалы колледжінің студенті өзінің туысы тарих пәнінің мұғалімі екеуі бірігіп, қаладағы гараждардың бірін жалға алып, сол жерде синтетикалық есірткі дайындаған. Мефедрон есірткісін шығарған зертхана 2023 жылдың наурыз айынан 2024 жылдың қаңтар айына дейін жұмыс істеген. Осы уақыт ішінде екеуі миллиондап табыс тапқан. Бұдан бөлек, күдіктілер бұл құпия зертхана жұмысы туралы біліп қойған қала тұрғынын өлтірген. 

НҰРЛАН БАҚТЫҒАЛИЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:

Сүйінғарин Мейрамбекті ҚР ҚК 297 бабы 3 бөлігі 1,3 тармағымен, 99 бабы 2 бөлігімен қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған түпкілікті 19 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Жазасын ол қауіпсіздігі орташа түзету мекемесінде өтесін.