$515.25 €535.91 ₽5.18
×

AMANAT уәдесін орындап, мұқтаждар баспаналы болды

26.12.2024ж. 20:00
117
AMANAT уәдесін орындап, мұқтаждар баспаналы болды

Батыс Қазақстан облысының Теректі ауылында үй кезегінде тұрған мұқтаж жандар баспаналы болды. AMANAT партиясының сайлауалды бағдарламасының арқасында 50 шақты отбасы бір күнде пәтер азабынан құтылды. Үш қабатты екі үйдің құрылысына 550 миллион теңге жұмсалыпты. Бір және екі бөлмелі пәтерлерге тұрғын үй кезегінде тұрған көпбалалы және әлеуметтік осал топтағы отбасылар іріктеліп алынған. Елдің тұрмысын түзеуді көздеген партияның «Халықпен бірге!» бағдарламасы Ақжайық атырабында одан әрі жалғасын таппақ. 

НҰРГҮЛ МОЛДАҒАЛИЕВА, КӨПБАЛАЛЫ АНА:

Балаларыммен пәтер жағалап, бір пәтерден бір пәтерге он жыл болды пәтерде жүргенімізге. AMANAT партиясының үйсіз жүрген жандарға осылай баспанамен көмектесеміз деп айтылған екен. Бүгін енді AMANAT партиясының арқасында осындай үйге қолымыз жетіп жатыр. Үйімді алып жатырмын бүгін. Қуаныштымыз, сөзбен жеткізу мүмкін емес. Бірінші баспанамыз. Көп-көп рақмет, алғысымыз шексіз!

Жыл басынан бері партияның жол картасында жоспарланған жұмыстардың дені орындалған. Осылайша бір жылда 2 мектеп, 9 медициналық нысан, 4 мәдениет үйі және 2 спорт кешені пайдалануға беріліпті. Бұл жұмыстар келер жылы да әлі жалғаспақ.

АЗАМАТ САФИМАЛИЕВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ БҚОФ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:

Барлық аудандарда біз мобильді қабылдау өткіздік. Жылдың басында мобильді қабылдау өткізгенде көтерілген мәселелер жылдың аяғына шейін орындалды. Ең бастысы, мұқтаж адамдар, оның ішінде көпбалалы отбасылар біздің партиямыздың бақылауында әрқашан тұрады. Сол бақылаудың арқасында сол категориядағы азаматтарымыз баспаналы болды. Партия әрқашан да өзінің уәдесін орындап, жыл қорытындысы бойынша қамқорлығын жасақтады.