"Тазалық - денсаулық кепілі". Астанада осындай атаумен "Таза бейсенбі" акциясы аясында дәріс өтті. Оған мектеп оқушылары мен экологтар, "AMANAT" партиясының мүшелері қатысты. Басты мақсат -қоршаған ортаға ұқыпты қарауға және Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру дейді - ұйымдастырушылар. Айта кетейік, "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы басталғаннан бері бас қаладан 800 тонна қоқыс шығарылған. Бұндай ауқымды шара алдағы уақытта да жалғасады.
БАТЫРБЕК МУСИН, "АМАNАТ" ПАРТИЯСЫ АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ КЕҢЕС МҮШЕСІ:
Күрделі мәселенің бірі ол - экологиялық мәдениетті адамдарға үйрету. Сол енді мектептен басталады дейді. Сол мектепте Таза Қазақстан туралы өздеріміздің пікірімізді айтып. Ментепте өзіміз байқап отырмыз мына мұғалімдер сол экологиялық мәселелерді көп оқытады екен. Көп нәрсені балалар біледі екен, оқушылар. Ол өте жақсы.
Ал, Павлодарда акция аясында "Жастар рухы" жастар қанатының белсенділері қарттар үйіне барды. Қыздар үйдің ішкі шаруаларына көмектесіп, ыдыс-аяқ жуса, жігіттер ауладағы қарды күреп, қолғабыс қылды. Орталықта қазір мүгедектігі бар қарттар тұрады. Яғни, мұнда 39 адам бар. Оларға әлеуметтік қызметкерлер көмек көрсетеді.
МЕРҒАЛИ ЖҮСІП, "ЖАСТАР РУХЫ" ЖҚ ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
"Таза Қазақстан", "Кедергісіз келешек" партиялық жобалар аясында қарттар мен мүгедек адамдар арналған үйді тазалық жұмыстарын жасаудамыз. Аталмыш акция бізде сәуір айынан бері әр бейсенбі сайын жасалып келеді. Қаланың әр түкпір-түкпірінен біздің белсенділер тазалық жұмыстарын жасады. Жаңа жыл қарсаңында үлкенге құрмет көрсетіп, осы жерді таңдадық. Сол себепті Павлодар облысының таза болғанын қалаймыз.