Астананың базарлары мен ірі сауда орындары адамға лық толы. Күніне мыңдаған адам кіріп-шығып жатыр. Бұл -мереке алдындағы қарбалас. Халық азық-түлік дүкендерінде сауданы қыздыруда. Жаңа жыл алдындағы ығы-жығы тіршілікті тілшілер көріп қайтты.
ДИНАРА ЖАҚСЫБАЙҚЫЗЫ, ТІЛШІ:
Қазір қай жерге барсаңыз да жаңажылдық қарбалас. Біз де жұмыс арасында жүріп дайындықты бастамасақ, демалыста ештеңеге үлгермейін деп тұрмыз. Сондықтан түсірілімді пайдаланып мен де дастарханға қажетті азық-түлік алуға келіп тұрмын. Ендеше, кеттік.
Ең алдымен жеміс-жидек қатарына келіп, ондағы бағаларды білдік. Сатушының айтуынша, өткен айға қарағанда әр жемістің келісі 100-150 теңгеге қымбаттаған. Бірақ баға қымбаттады деп сауда тоқтап қалған жоқ, дейді. Күнінен 300-400 мың теңгенің өнімін өткізеді.
САТУШЫ:
1300-ден сатып жүрдік. Енді қазір көтерілгені 1400 теңгеден болып жатыр. Мысалы ананастарымыз жыл 12 ай өте бермейді. Көбіне отходқа шығып кететін уақыт болады. Қазір жаңа жылға жақын, мейрамға жақын жақсы өтіп жатыр.
САТУШЫ:
Бес зат сатамын, бес затым өтеді. Қымбаттады енді, қазір біраз картошка қымбаттады. Картоп қымбаттап тұр шыны керек. Басқасы баяғыдай-ақ жақсы.
Сауданың көрігін қыздырған қала тұрғындары бағаның өскеніне үйреніп қалдық, дейді. Базар бағасы шарықтады деп шағымданғаннан пайда жоқ екенін айтады.
БЛИЦ-САУАЛНАМА:
- Жаңа жылға жылдағыдай-ақ дайындалып жатырмыз. Жақындаған кезде продукты қымбаттайды ғой.
- Каждый раз қымбаттағаны қымбаттаған. Оған біз таңқалмаймыз, үйреніп қалдық. Есептеп жатқан жоқпыз. Күнделікті алып жатырмыз.
ДИНАРА ЖАҚСЫБАЙҚЫЗЫ, ТІЛШІ:
Байқағанымыздай, базар іші «қайнап» жатыр. Азық-түліктің біразы қымбаттаған. Алайда халық оған қарап жатқан жоқ. Тұрғындар әлі келгенше көтеріп кетіп жатыр. Бас қаладағы тіршілік осындай. Ал Павлодар облысының мереке алдындағы жағдайы қалай? Өзгеріс Қуанар сөз кезегі өзіңде.
ӨЗГЕРІС ҚУАНАР, ТІЛШІ:
Динара Керекуде ет, жұмыртқа, күнбағыс майы қымбаттады. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік түрі 1,5 есеге өскен. Бұған мамандар тауардың басқа жақтан тасымалдануы себеп - деп отыр.
Базардағы баға ырыққа көнбей тұр. Әсіресе, ет өнімінің бағасы аспандап кеткен. Жаңа жылдық қарбалас бағаға да әсер еткен сияқты. Сиыр етінің бір келісі 3000 теңге болса, жылқы еті 4000 мыңға жеткен. Бұқара бағаның бағынбай бара жатқанын айтады.
БЛИЦ-САУАЛНАМА:
- Шұжық алдым 4 мыңнан. Алдында 3 мың, 3 жарым мыңнан алып жүретінмін. Қазір что 4 мыңға көтеріліп кетті. {Жаңа жылға байланысты жалпы азық түлік болсын, ет ғана емес, жанағы барлық өнімдерге қымбатшылық сезіледі.
- Бағалар күнде өседі. Кеше басқа баға болды. Бүгін келдік басқа баға.
- Баға көтеріліп жатыр. Қазір ет жеу халыққа үлкен нәрсе. Қазақ болған соң, ет жемей тұра алмаймыз ғой. Сол бәріне баға қымбаттап жатыр.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің 5 түрі қымбаттаған. Оның ішінде жұмыртқа, тауық еті, айран секілді сүт өнімдері де бар. Мамандар азық-түлік түрінің қымбаттауына сырттан тасымалдау әсер еткенін айтады.
АЙГЕРІМ ҚАБЫЛТАЕВА, ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Біз кейбір тауарларға бағаның өскенін байқап отырмыз. Тауық етінің бағасы қымбаттап тұрады. Өйткені, ол шеттен тасылмалданатын өнім. Күнбағыс майы мен 1-санаттағы жұмыртқаның бағасы да өсті. Қазір тұрақтандыру қорында 4 млн. дана жұмыртқа бар. Қосымша 1 млн. дана алуға меморандумға қол қойылды.
Бағаның өсуін тежеу мақсатында тұрақтандыру қоры құрылған. Әкімдіктің мәліметінше, қорда 11,5 мың тонна азық-түлік бар. Ал келер жылы тауық етін өндіру жағы қолға алынбақ{. Бұл бағаны ұстап тұруға мүмкіндік береді – дейді.
ӨЗГЕРІС ҚУАНАР, ТІЛШІ:
Алайда, қарапайым халық бағаның тұрақтамай тұрғанына қапалы. Жаңа жыл алдындағы қарбалас бағаны тіптен шарықтатып жіберген. Заңғар, Қостанайда жағдай қалай? Азық-түлік бағасы өсті ме?
ЗАҢҒАР САНАЙ,ТІЛШІ:
Өзгеріс, біздің жақта да азық түлік бағасында өзгеріс бар. Астықтың отаны саналатын Қостанайда ұн қымбат. Еттің құны да екі жүз, үш жүз теңгеге өскені байқалады.Жұмыртқа бағасы шамалы көтерілген.Тек қант бағасы қалыпты тұр дейді қала тұрғындары.
БЛИЦ-САУАЛНАМА:
- Кішкене бар енді. Мереке болған соң солай бағалар өседі ғой.Олар да салығын, бәрін төлеп жатыр ғой.
- Қантқа, сұйық майға,ұнға. Шамамен 200-250 теңге ау деймін.
- Қанттың бағасын түскен. Бұрын он мың теңге болған. Қазір 8800 теңге бір қап қант. Еттің бағасы кішкене өскен. Жылқының еті.
Азық-түлік бағасын тұрақтандыру үшін шаһар билігі ай сайын жәрмеңке ұйымдастырып келеді.Ал қаладағы ірі сауда орындарында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік жеткілікті. {Құны да тұрақты. Бағаны тұрақтандыру мақсатында жиі мониторинг жүргізіледі, дейді.
ҚУАНЫШ ӘКЕЖАНОВ, ҚАЛАЛЫҚ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БӨЛІМІНІҢ СЕКТОР МЕҢГЕРУШІСІ:
Жыл басынан бері облыс орталығында 21 ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өткізілді. Онда 2,5 мың тонна өнім арзандатылған бағамен сатылды. Әлеуметтік маңызы бар азық түлік бағасын ұстап тұру үшін жұмыстар жүргізіліп жатыр және біздің бақылауда.
Қостанайдағы 53 супермаркетте 15 түрлі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік сатылады.Оның бағасын қалалық бөлім бақылауда ұстап отыр.Ал базардағы баға құбылып тұр.
ЗАҢҒАР САНАЙ,ТІЛШІ:
Бірақ соған қарамастан базар жағалаған жұртшылық көп. Олар жаңа жылды мол әрі берекелі дастарханмен қарсы алу қамында жүр.Қарбалас болған соң бағаның нарқын да бағамдап жатқан жоқ.