Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

1 шілдеден бастап медициналық сақтандыру қорына 1 пайыз жарна аудару басталады

AstanaTV
24.05.2017ж. 20:00
2486
1 шілдеден бастап медициналық сақтандыру қорына 1 пайыз жарна аудару басталады

1 шілдеден бастап жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлер әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 1 пайыз жарна аудара бастайды. Төлемдер банктер пен "Қазпошта" арқылы жүргізіледі. Қор өкілдері дайындық жұмыстарының аяқталғанын хабарлады. Жиналған қаржы келер жылы қаңтардан бастап пайдаға аса бастайды. 2020 жылға дейін, қос жүйе қатар жұмыс істейді. Мәселен, алғашқы жедел жәрдем мен шұғыл ота тегін жасалады. Ал 2020 жылдан бастап, қорға қаражат аудармағандар тек ақылы қызметке жүгінеді. Әлеуметтік әлжуаз топ ретінде анықталған 14 категория үшін мемлекет жарнаны өз мойнына алған.

Забира Оразалиева, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ басқарушы директоры: 

Мәліметтер "Азаматтарға арналған үкімет" терминалы арқылы тексеріледі. Дұрыс болса, қаражат әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына және салық органдарында жіберіледі. Мәліметтердің дұрыс-бұрыстығын үш күн өткен соң тексеру керек. Қателік шыққан жағдайда төлем өтпейді.

Еске салайық, жарна көлемі сатылап өседі. Келесі жылы 1,5 пайыз болса, 2020 жылы 2 пайыз төлеу міндетті. 2022 жылы үш пайызға жетуі керек. Әу баста 5 пайыз деп белгіленген жарна, кәсіпкерлердің наразылығына ұшырап, 3 пайызға дейін төмендетілген.