$503.15 €543.3 ₽5.93
×

Алматы облысында алаяқтардың 200-ден астам сайты бұғатталды

AstanaTV
27.12.2024ж. 13:12
547
Алматы облысында алаяқтардың 200-ден астам сайты бұғатталды

Алматы облысында алаяқтардың 200-ден астам сайты бұғатталды. Жыл басынан бері Алматы облысында интернет-алаяқтық фактілері жиі тіркеліп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

"Биыл өңірде интернет және телефон алаяқтықтарының алдын алу және ашу мақсатында жеті жедел-профилактикалық іс-шара өткізілді. Халықты алаяқтардан қорғау әдістері туралы ақпараттандыру мақсатында 73 акция ұйымдастырылып, 46 мыңға жуық буклет таратылды. Сондай-ақ адамдар көп жиналатын орындарда 19 билборд, стенд және LED экран орнатылды. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында алаяқтықтың алдын алу бойынша 38 мақала жарияланды", - деп мәлімдеді ведомство өкілдері.

Сонымен қатар 2023–2025 жылдарға арналған киберқылмысқа қарсы іс-қимыл бағдарламасы аясында "Кибербақылау" платформасында алаяқтар пайдаланған 226 сайт бұғатталды.