$521.81 €543.67 ₽5.05
×

Биыл Президент 11 өңірге барып, 60-тан аса кездесу өткізді

AstanaTV
27.12.2024ж. 10:16
206
Биыл Президент 11 өңірге барып, 60-тан аса кездесу өткізді

ҚР Президентінің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Берік Уәли Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жыл бойы атқарған қызметіне шолу жасап, қоғамдық-саяси өмірдегі, әлеуметтік-экономикалық дамудағы іргелі өзгерістер мен табыстар туралы баяндады.

Оның айтуынша, Президент биыл жұмыс сапарымен еліміздің 11 өңіріне барды. Аймақтардағы 60-тан аса өндірістік және әлеуметтік-мәдени нысандармен танысып, жұртшылықпен кездесті. Сондай-ақ ел ішіндегі 41 іс-шараға қатысты. Олардың қатарында форумдар, кеңестер, отырыстар секілді түрлі форматта өткен жиындар бар. Еліміздің саяси және қоғам қайраткерлерімен 137 кездесу өткізді.

– Ең әуелі, жыл басындағы ақжолтай жаңалықты айта кеткен абзал. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 9 қаңтарда «Алматы облысының әкімшілік-аумақтық құрылы¬сындағы өзгерістер туралы» Жарлыққа қол қойды. Жетіген ауылы Алатау қаласы болып қайта құрылды. Осылайша, келешекте Алматы мен Қонаевтың ортасында бой көтеретін Alatau City қаласының іргесі қаланды. Бірнеше жылдан бері талқыланып келе жатқан жаңа урбанистік жобаны жүзеге асыруға шетелдік инвес¬торлар айрықша қызығушылық танытып отыр. Президент Сингапур сапарында және одан кейін де әлеуетті инвесторлармен кездесіп, Алматы агломерациясын өркендеген экономикалық аймаққа айналдыруды көздейтін жобаның жай-жапсарын талқылады, - деп жазды Б. Уәли Egemen Qazaqstan газетіндегі мақаласында. 

Президент кеңесшісі сыртқы саясатта да жемісті жыл болғанын айтуда. Атап айтқанда, Қасым-Жомарт Тоқаев биыл 23 рет шет мемлекетке сапарлады, 19 халықаралық форум мен саммит жұмысына атсалысты. Халықаралық іс-шаралар аясында өзге елдің басшыларымен 27 рет кездесті. 

Сондай-ақ шет мемлекеттердің және үкіметтердің басшыларымен, басқа да жоғары лауазымды тұлғаларымен, халықара¬лық және өңірлік ұйымдардың жетекші¬лері¬мен, бизнес-қоғамдастық өкілдерімен 84 кездесу өткізді. 22 мемлекеттің елшісінен сенім грамоталарын қабылдады.

Мемлекет басшыларымен 49 мәрте телефон арқылы сөйлесті.