$520.48 €574.61 ₽6.06
×

Ұлт ұпайын түгендеген Құрылтай

AstanaTV
27.12.2024ж. 10:20
412
Ұлт ұпайын түгендеген Құрылтай

«Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған мақалада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биыл Ұлттық құрылтайда көтерген мәселелерінің маңызы мен көктемгі су тасқынында мемлекеттің атқарған шаруаларына тоқталды. 

Елдік мәселелер қозғалатын Ұлт­тық құрылтайдың үшінші оты­­рысы биыл көне Сарайшық жұр­­тында – Атырау облысында өтті. Құрылтайда ұлт болмысын қалып­тастыратын тәуелсіздік пен отан­шылдық, бірлік пен ынтымақ, әділ­дік пен жауапкершілік, заң мен тәр­тіп, еңбекқорлық пен кәсі­би біліктілік, жасампаздық пен жаңа­шылдық секілді басты құндылық­тар айқындалды.

Сонымен қатар Президент бес әлеуметтік кеселмен күресті күшейту жөнінде нақты тапсырма берді. Осыған орай, биыл Әйелдердің құқықтары мен бала­лардың қауіпсіздігі туралы Заңға қол қойылды. Яғни тұрмыстық зор­лық-зомбылық үшін қатаң жаза белгілейтін, балалар құқығының қорғалуын қамтамасыз ететін жаңа нормалар енгізілді.

Бұдан бөлек, Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы арнайы заң қабылданды. Вандализм мен өзгенің мүлкіне зиян келтіргені, қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін жауапкершілікті күшейтуге, құмар ойынға тәуелділікті азайтуға, вейпке тыйым салуға бағытталған заңнамалық өзгерістер жасалды.

Аталған бастамаларға қатысты заң жобаларын әзірлеуге Парламент депутаттарымен қатар, Ұлттық құрыл­тай мүшелері де белсенді атсалысты. Осылайша, Президент үнемі айтатын «Заң мен Тәртіп» үстемдігі қоғамда біртіндеп орнығып келеді.